Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, № 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 11.08.2026ж. бос және уқытша бос орын пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі  кәсіптік білім беру болып табылады.

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос және уақытша бос педагогтер лауазымы (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 187942 теңгеге дейін.

Бос және уақытша бос лауазымдар атауы:

1) Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме;

2) Психология және педагогика пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс) - 1 жүктеме;

3) Экономика және құқық негіздері пәні оқытушысы, уақытша бос орын (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме.

4)  Информатика пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме. 

5) Тарих пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме.  

Оқытушының функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- абдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау  қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі».

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы  № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – қағида) сәйкес өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08 – 20.08.2026 жыл.

 





14 мамыр 2025

«Дін және рухани тәрбие»

2025 жылдың 14 мамырында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жол картасы шеңберінде  «Дін және рухани тәрбие» тақырыбында Ақтау қаласы әкімдігі, қоғамдық даму орталығы КММ, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі Нұрлан Газимов ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізді. Шара барысында Н.Газимов қазіргі қоғамдағы мәселелерден мысалдар алып,бейне жазбалардан үзінділер көрсету арқылы сақтану жолдары мен тигізер кері әсерін атап, экстремизмнің алдын-алу бағыттары...

12 мамыр 2025

English is Everywhere!"

Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 12-і мен 17-і аралығында «Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясының апталығы ұйымдастырылуда. Апталықтың ашылуы "English is Everywhere!" тақырыбында қызықты және көңілді...

12 мамыр 2025

«Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту»

Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 12-і мен 17-і аралығында «Функционалдық сауаттылық - инновациялық ойлау мен кәсіби құзыреттіліктерді ұштастыра отырып, жаһандық бәсекеге білім алушылардың қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы Ағылшын тілінен арнайы пәндер циклдік комиссиясының апталығы ұйымдастырылуда. Апталық аясында бірнеше ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар және Көңілді қоңырау...

8 мамыр 2025

«Батырлардың еңбегі ақталған күн»

        Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай студенттерді өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 08.05.2025 жылы топ жетекші  Х. Мусрепова 1 курс, ЛБ -24-1 тобының студенттерімен «Батырлардың еңбегі ақталған күн» тақырыбында тәрбие сағатын...

6 мамыр 2025

«Бауыржан Момышұлы - Мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы тұлға»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сынып мұғалімі » мамандығы бойынша білім алып  жатырған 2,3 курс студенттері арасында топ жетекшілері Г.Жаймағанбетова, А.Кожакова «Бауыржан Момышұлы - Мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Студенттерге Ұлы  Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақ батыры Б. Момышұлының өмірі мен...

25 сәуір 2025

«Сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы жауаптылықты қатаңдатудың қажеттілігі»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы жауаптылықты қатаңдатудың қажеттілігі» тақырыбында 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар ету, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой – пікірлерін жеткізе біліп,...

22 сәуір 2025

«Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасында волейболдан Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қыздар командасы 1 орын алды

14-19.04.2025 ж. Түркістан қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасында волейболдан Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қыздар командасы 1 орын алды және Маңғыстау облысы жалпы есеп бойынша 3 орын ие болды.  ...

18 сәуір 2025

Колледж басшылары мекемелер арасындағы меморандумға қол қойды.

2025 жылғы 17 сәуірде Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК басшысы Өмірбекова Бақтыгул Сүйінбайқызы және басшының орынбасары Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна Қызылорда облысының 93 жылдық тарихы бар М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжіне іс сапармен барып, колледждің материалдық-техникалық базасымен, ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен танысты. Іс сапар барысында колледж басшылары...

18 сәуір 2025

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі басшысы Өмірбекова Бақтыгул Сүйінбайқызы мен тамыры тереңге жайылған 105 жылдық тарихы бар Жамбыл облысының Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі басшысы Есеев Саясат Керимбекович оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімге қойды. Келісім аясында білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту, тиімді инновациялық...

16 сәуір 2025

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 Бұйрығы негізінде, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы «Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МККК басшысы лауазымына 2025 жылдың 14 сәуірінде Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы тағайындалды. Бақтыгүл Сүйінбайқызы 1983 жылы 6 қазанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келді. 2004 жыл...

14 сәуір 2025

"Үздік қорғаушы" номинациясымен ДТБ-22-1 тобының студенті Берзембай Рысай марапатталынды.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай жастар арасында өткен облыстық шағын футбол жарысында Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің командасы II орынға ие болды және "Үздік қорғаушы" номинациясымен ДТБ-22-1 тобының студенті Берзембай Рысай марапатталынды. Жаттықтырушысы: Н.А.Бисенбаев. Құттықтаймыз!!!   ...

13 сәуір 2025

"Білім беруде AR технологияларын қолдану" тақырыбында жасанды интеллект сервистері арқылы голограмманың жасалу жолдары көрсетілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде педагогтердің IT құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Калиева, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Е.Кошерова және информатика пәнінің оқытушылары бірігіп "Жасанды интеллект сервистерін сабақ барысында қолдану" практикумын қазан-мамыр айларына жоспарлап өткізуде. Бүгін, 11 сәуір күні "Білім...

11 сәуір 2025

«Болашақ ұстаз: кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» және Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі арасындағы меморандум аясында 2025 жылдың 10-шы сәуір күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі базасында «Болашақ ұстаз: кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтік...

10 сәуір 2025

Басқармадан құрылған сарапшылар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатына тапсыратын оқытушылардың сабақтарына қатысып, соңында талдау жасалынды.

2025 жылдың 07- ші сәуір күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде басқармадан құрылған сарапшылар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатына тапсыратын оқытушылардың сабақтарына қатысып, соңында талдау жасалынды. Барлық сабақтың жоспары талапқа сай жасақталып, жоғары дәрежеде өткізілді.   ...

29 наурыз 2025

Колледж студенттерінің спартакиадасы аясында Ұлттық спорт лигасының облыстық жарысы

Колледж студенттерінің спартакиадасы аясында Ұлттық спорт лигасының облыстық жарысында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің командалары келесі орындарға ие болды: 1. Үстел теннисі бойынша- I орын (Жетекшісі: Ескалиев Ж.Ж.); 2. Тоғызқұмалақ бойынша - I орын (Жетекшісі: Жапаева А.М.); 3. Волейбол бойынша қыздар арасынан I орын (Жетекшісі: Нурханов Е.К.); 4. Волейбол бойынша ұлдар арасында I орын (Жетекшісі: Егизгараев К.К.); 5. Баскетбол бойынша...

24 наурыз 2025

Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.

2025 жылдың наурыз айының 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ОТБ-24-1 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу; Ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ойнатылды.  ...

21 наурыз 2025

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз! 2025 жылдың 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде мерекелік шара өтті. Мақсаты – Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.  ...

21 наурыз 2025

ББ-24-4 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді.

2025 жылдың наурыз айының 20 күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ББ-24-4 тобы наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру; Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу; Ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.  ...

20 наурыз 2025

«Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру»

2025 жылдың 06 наурыз - 14 мамыр аралығында Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында on-line облыстық тәжірибе алмасу сабағы жоспарланып өткізілуде. Бағдарлама бойынша 19 наурыз күні онлайн тәжірибе алмасу сабағын педагогика пәнінің оқытушысы Н.Ж.Кайболдиева «Педагогикалық менеджмент» тақырыбында ББ-21-2 тобына Педагогика пәнінен шебер-сынып...

19 наурыз 2025

«Өткеннен өнеге – болашаққа бағдар» тақырыбында «Әлеуметтік – экономикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» ПЦК-ның апталығы өткізілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінле наурыз айының 10-15 күндері «Өткеннен өнеге – болашаққа бағдар» тақырыбында «Әлеуметтік – экономикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» ПЦК-ның апталығы өткізілді. Апталық соңында оқытушылармен танымдық ойындар ойнатылып, апталық аясында ашық сабақтар мен сабақтан тыс шараларына белсене қатысқан оқытушылар анықталынды.  ...

14 наурыз 2025

Наурыз айының 14-күні пән оқытушысы Н.Бисенбаев 1 курс студенттері арасында футбол алаңында "Шағын футбол" ойынын өткізді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінле наурыз айының 10-15 күндері «Өткеннен өнеге – болашаққа бағдар» тақырыбында «Әлеуметтік – экономикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» ПЦК-ның апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. Наурыз айының 14-күні пән оқытушысы Н.Бисенбаев 1 курс студенттері арасында футбол алаңында "Шағын футбол" ойынын өткізді.  ...

4 наурыз 2025

«Қайырымдылық-асыл қасиет»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2025 жылы 04 наурыз күні ИБ-24-1 тобының 1 курс студенттері, жетекшісі А.Р.Тилеуованың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық-асыл қасиет» тақырыбындағы акция аясында Облыстық мамандандырылған балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен танысты, бірге ойын ұйымдастырып,сыйлықтар таратты.   ...

24 қаңтар 2024

Хабарландыру

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжіне (2 мкр, 57 ғимарат) шеф-повар жалақы-116000; аспаз-115000 теңге еден жуушы-112000 теңге есепші-128000 теңге Тел: 87024762936; 87716100151  ...

13 желтоқсан 2023

"Қауіпсіз интернет" тақырыбында сынып сағаты

  Колледжде «Балалар –интернет-медиа қауіпсіздік»  балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қызметті ұйымдастыру бойынша  2023-2024 оқу жылына арналған  жоспар бойынша "Қауіпсіз интернет" тақырыбында сынып сағаттары болып өтті. ...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері