0
Хабарландыру!
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz ұйымдастырушы педагог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК ұйымдастырушы педагог бос лауазымы (В3-3 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай (135205-159273) штаттық кестеге сәйкес төленеді.
Ұйымдастырушы педагог лауазымының функционалдық міндеттері:
● білім беру ұйымы білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін,
● қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды;
● таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
● клубтар, үйірмелер, секциялар, жастар (студенттер) бірлестіктерінің жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады;
● ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады.;
● қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім алушының қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
● дебаттар, студенттік парламент, кештер, мерекелер, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
● білім алушылардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
● іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл.
Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі».
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – қағида) сәйкес өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08 – 20.08.2026 жыл.
13 желтоқсан 2023
«Балалар –интернет-медиа қауіпсіздік» ЖОСПАР
Колледжде «Балалар –интернет-медиа қауіпсіздік» балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қызметті ұйымдастыру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жоспар жасақталып, іс-шаралар өткізілуде. ...28 қараша 2023
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ИДЕЯЛАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР, ІЗДЕНІСТЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ –ТӘЖІРИБЕЛІК ONLINE КОНФЕРЕНЦИЯ
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ИДЕЯЛАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР, ІЗДЕНІСТЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ –ТӘЖІРИБЕЛІК ONLINE КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗУ КҮНІ: 2023 жылғы 28 қараша ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ: 09.00-12.30 (Маңғыстау уақытымен) ZOOM:https://us06web.zoom.us/j/88673025615?pwd=ylLcfW0K0upH4CmbI0uukQDQf8Do6q.1 Конференция идентификаторы: 886 7302 5615 Кіру коды: 909706 ...12 қазан 2023
Біз жемқорлыққа қарсымыз!
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 11.10.2023 жылы «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» апталығының аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кітапханада көрме ұйымдастырылып, студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыру, олармен әңгіме- сұхбат арқылы пікірлесу шарасы өткізілді. Іс-шара барысында студенттердің осы тақырыпта салған суреттері де көрмеден орын алды. ...12 қазан 2023
Психологиялық тест
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде "Студенттердің психиқалық денсаулығын" зерттеу мақсатында студенттерге психологиялық тесттер және дәрістер өткізілді. Студенттердің бойында стресс, үрей т.б. басқа қиын жағдайлар туралы айтылып кеңес берілді. ...4 қазан 2023
ХАБАРЛАМА бос және уақытша бос лауазымдарға
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 04.10.2023ж. логопедия мамандығының арнайы пәндер оқытушысы уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады. 1.«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК-на логопедия...26 қыркүйек 2023
Колледж парламенті Президентінің сайлауы
Колледж парламенті Президентінің сайлауы Білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі басқару ұйымының бірі – студенттер парламенті. Оның Президенті сайланып қойылады. Колледжіміздегі кезекті 3-ші Президент сайлауы ағымдағы жылдың 22-қыркүйек күні болып өтті. Оған өзін-өзі ұсыну арқылы келесі студенттер кандидат ретінде тіркелді: 1. Сарсембаев Саят Сырымұлы - ШБ-21-1 тобының студенті; 2. Касанова Ұлтай Есболаевна - ШБ-20-1 тобының студенті; 3. Шайдуллин Латиф Талгатович - ОТБ-20-1 тобының...21 тамыз 2023
ХАБАРЛАМА ұйымдастырушы педагог бос лауазымына
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 21.08.2023ж. бос ұйымдастырушы педагог лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады. 1.«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК-на ұйымдастыру педагог бос лауазымы....15 тамыз 2023
ОБЪЯВЛЕНИЕ
ГККП «Мангистауский высший педагогический колледж имени Мурын жырау Сенгирбекулы», 130000 Мангистауская область, город Актау, 2 микрорайон, 57 здание, телефоны для справок: 8(7292) 507259, электронный адрес: mgk2006@yandex.kz объявляет конкурс на занятие вакантной и временно вакантной должности заместителя директора по информационным технологиям и преподавателей 15.08.2023г. Деятельность предприятия профессиональное образование. 1.Временная вакантная должность заместителя директора...15 тамыз 2023
ХАБАРЛАМА бос және уақытша бос лауазымдарға
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 15.08.2023ж. бос және уақытша бос директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары және пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады. 1. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау...30 маусым 2023
eOtinish
...1 маусым 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақыт, Күн, Достық – балаларға» тақырыбында әр түрлі шығармашылық шаралар: тәрбие сағаттары, тренингтер, кішкентай бүлдіршіндермен кездесу өткізіліп, жастар белсенділіктерін көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін...1 маусым 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» тақырыбында ОТБ-21-2 тобы студенттері топ жетекшісі М.О. Онланбековамен балаларға арналған «Ақбота» саябағында қойылымдар мен ойындар өткізіп, кішкене бүлдіршіндерді мерекелерімен...31 мамыр 2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шығармашылық флешмоб аясында дебат (пікірсайыс) ойыны болып өтті. Мақсаты: Студенттерді өз көзқарастарын жүйелі етіп дәлелдеуге жетелеу, қарсы пікірдегі адамның қойған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып, дәлелді жауап беруге дағдыландыру. #АссамблеянародаКазахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзінөзібасқару ...30 мамыр 2023
«Бізді кітап табыстырды»
2023-ші жылдың мамыр айында «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде» «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бізді кітап табыстырды» атты фото байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттер арасында қарым-қатынасты нығайту, әдебиетті насихаттау және өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында студенттердің кітаптың арқасында бір-бірімен жақын араласып таныстықтары нығайды, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі. ...28 мамыр 2023
«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты студенттермен нашақорлықтың алдын-алу челленджі жалғастырылды. Мақсаты: Жастардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» челленджін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжіне жолдаймыз. #тәрбиебөлімі #бізнашақорлыққақарсымыз #Mangistaudp_upn ...24 мамыр 2023
«Студент көктемі – 2023» байқауы
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі «Студент көктемі – 2023» байқауына спорттық жарыс (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі) және музыкалық қойылым бағыттары бойынша қатысып, бағын сынады. Байқау кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері арасында өтті. «Студент көктемі – 2023» облыстық студенттік фестивалін 16-20 мамыр аралығында «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасының...18 мамыр 2023
«Сыбайлас жемқорлық және қоғам»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 18.05.2023 жылы «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында 2 курс студенттерімен топ жетекшісі М.М.Шадимуратованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. ...12 сәуір 2023
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжіне 40 жыл!
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің іргетасы 12.04.1983 жылы қаланып, міне араға бірнеше жыл салып, бүгінде 40 жыл толып отыр. Колледж тарихында оқу орнының атауы бірнеше мәрте өзгертілді. Алғашында Маңғышлақ педагогикалық училищесі ашылған оқу орны 1991жылы қаңтар айында Маңғыстау педагогикалық училищесі болып өзгертілді. Сол жылы маусым айында Эксперимент ретінде ҚСРО Халық білім Министрлігінің шешімі бойынша педагогикалық училищенің базасында...14 наурыз 2023
"Амал келді, жыл келді"
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 14 Наурыз «Амал мерекесі» күнінің маңызын түсіндіру, салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін айта отырып, жастарды сыйластыққа тәрбиелеу мақсатымен "Амал келді, жыл келді" тақырыбында шара өткізілді. Жастарға бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейтіні, «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бір-біріне құттықтау сөздер айтатыны, ең...21 ақпан 2023
«Ана тілім – мақтанышым менің»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 21 ақпан халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім – мақтанышым менің» тақырыбында іс-шара өткізілді. Осы шараны өткізген педагог- психолог Мусрепова Х.К., және ағылшын тілінің оқытушысы,топ жетекші Мереева К.С. Іс-шараның мақсаты студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні,...9 ақпан 2023
«Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!»
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 09.02.2023ж. «Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында топ жетекшілері Н.Б.Куянбаев, М. А. Курмановтың ұйымдастыруымен ДТБ-22-2, ДТБ-22-3 топтары, 1 курс оқушылары арасында спорттық эстафета жарысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды спортпен шұғылдануға тарта отырып белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жастардың бойында ұйымшылдық, жолдастық сезім, әділдік қасиеттерін қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту. ...29 желтоқсан 2022
"Оқыту мен оқудағы АКТ" тақырыбындағы семинар өткізілді
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК мен Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы арасындағы білім беру саласында кадрлар даярлау бағытында шефтік туралы МЕМОРАНДУМ аясында колледж оқытушыларына шеберлік орталығы "Оқыту мен оқудағы АКТ" тақырыбында семинар өткізді. ...27 желтоқсан 2022
«Үздік жас маман - 2022» колледжішілік байқауы
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың желтоқсан айының 21 мен 26-ы аралығында «Үздік жас маман - 2022» колледжішілік байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға колледждің жас мамандары мен жұмысқа биылғы оқу жылында қабылданған оқытушылар қатысты. Байқаудың мақсаты: Мамандардың өз пәнінің теориялық негізін жетік меңгергенін, бәсекеге қабілеттілігін және мәртебесін арттыру. Байқаудың міндеті: Колледжіміздің талантты және шығармашыл жас...26 желтоқсан 2022
«Өмірге иә деп айт" тақырыбында тренинг өткізілді
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 19 желтоқсан 2022 жылы студенттер арасында педагог-психологтың ұйымдастыруымен: «Өмірге иә деп айт" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Зорлық-зомбылықтың алдын –алу, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, бірін-бірі сыйлауға, қол тигізбеуге тәрбиелеу. Жастардың адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал ету. ...


















