Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

0

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, № 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 11.08.2026ж. бос және уқытша бос орын пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі  кәсіптік білім беру болып табылады.

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос және уақытша бос педагогтер лауазымы (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 187942 теңгеге дейін.

Бос және уақытша бос лауазымдар атауы:

1) Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме;

2) Психология және педагогика пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс) - 1 жүктеме;

3) Экономика және құқық негіздері пәні оқытушысы, уақытша бос орын (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме.

4)  Информатика пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме. 

5) Тарих пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме.  

Оқытушының функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- абдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау  қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі».

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы  № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – қағида) сәйкес өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08 – 20.08.2026 жыл.

 





13 желтоқсан 2022

"Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ" атты "Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті" ПЦК-ның апталығы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде желтоқсан айының 12-15 күндері аралығында "Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ" атты "Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті" ПЦК-ның апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. 12 желтоқсан күні апталықтың ашылуында оқытушылармен танымдық ойындар өткізілді және қазақ, орыс ұлттарының тағамдары тарту етілді.  ...

24 қараша 2022

"Жаңа Қазақстан- Жаңару мен жаңғыру жолы" атты әлеуметтік -эконмикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі ПЦК-ның апталығы

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың қараша айының 21-25 күндері аралығында Әлеуметтік -эконмикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі ПЦК-ның "Жаңа Қазақстан- Жаңару мен жаңғыру жолы" атты апталығы ұйымдастырылып өткізілуде. Апталықтың ашылуында оқытушылармен танымдық ойындар өткізілді және спорттық жаттығулар көрсетілді.  Апталықтың аясында 21 қараша күні тарих пәнінің оқытушысы Ә.Т.Ақкәдірованың "Түркі империясы -...

22 қараша 2022

«Worldskills Aktau-2022»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Worldskills Aktau-2022» өңірлік чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттіліктері бойынша жеңімпаздары, «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттері Ізтілеуова Айдана мен Хасанова Ақтілек өз компатриоттарымен облыс бойынша бас сарапшылар С.К.Cармалаева, В.С.Калменшеевамен кездесу өткізіліп, чемпионат...

21 қараша 2022

«Сыбайлас жемқорлық және қоғам»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 21.11.2022 жылы «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында 3 курс студенттерімен топ жетекшісі О.Ж.Керееваның ұйымдастыруымен дәріс өткізілді. Мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп төндіріп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына әсер етуші факторға айналып отырғаны айтылып, мысалдар...

18 қараша 2022

«Өмірге қол жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 18.11.2022 жылы «Өмірге қол жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: Жастарға өмірдің мәні мен маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттер арқылы өмір сүруге позитивті көзқарасын қалыптастыру. Семинар-тренинг барысында студенттер жағымды әсерде болды. Олар өз бойындағы қасиеттерін нығайтып, жақсы көңіл-күйде жұмыстанды. Семинар- тренинг барысында жасөспірім...

17 қараша 2022

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

2022 жылдың қараша айының 17-і күні Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық олимпиадаға 15 студент қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1-кезеңде студенттер ұсынылған тақырыптардың бірін таңдай отырып, эссе жазса, 2-кезеңде жазбаша тапсырмалар орындады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы...

16 қараша 2022

ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11. 2022 жылы студенттермен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған:«Теңдік уақыты!» ұранымен «ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» маманы шақырылып, кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: ЖИТС ауруы туралы оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту, осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беру, ауруға қарсы күрес шараларымен таныстыру...

16 қараша 2022

«Бақытты ана - бақытты бала- бақытты ел»

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11.2022 жылы «Бақытты ана - бақытты бала- бақытты ел» тақырыбында ата-аналар мен студенттер арасында тренинг өткізілді. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, балаға ата-ананың сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббат сезімдерін ояту. Баланың бойында ата - анасына деген кұрмет, ізгі ойлар қалыптастыру.  ...

15 қараша 2022

«Жұмыс беруші күні» аясында колледждің серіктес мекемелерінің қатысуымен «Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2022 жылдың 15 қарашасында «Жұмыс беруші күні» аясында колледждің серіктес мекемелерінің қатысуымен «Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара байланысты нығайту. Семинарға Маңғыстау облысының білім...

15 қараша 2022

«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 16.11.2022 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің құқықтық жауапкершіліктерімен таныстыру. Адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсініктерін кеңейту. Ата-аналарға сенімділікпен қарым-қатынас орнату бағыттары, ата-аналардың құқықтары және жауапкершіліктері айтылды. Жағымсыз әсерге, әдеттерге...

3 қараша 2022

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі  ...

27 шілде 2022

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар:

«Tilqural.kz» - қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. ___________________________________________________ Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі). Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде...

4 шілде 2022

Мемлекеттік емтихан Worldskills чемпионаты шеңберінде

Демонстрациялық емтихан тапсыру барысында студенттер өздерінің теориялық алған білімдерін практика жүзінде дәлелдей алды. ҰОҚ-нің жоспарын жазуды толық меңгергендіктерін көрсетті. Еріктілер тобымен сабақты жүргізу барысында болашақ тәрбиешілердің шеберліктері әр қырынан көрініс тапты. Кіріктірілген сабақты көрсету барысында білім беру салаларын бір-бірімен шебер  ұштастыра білді. Сабақтың тақырыбына сәйкес дидактикалық ойындарды таңдай отырып, қажетті материалдарды эстетикалық талғаммен...
: http://kollej.edu.kz/kz/collges_news/zhanalyktar?title=record_63378

21 тамыз 2021

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

Конкурс нәтижелері  ...

1 шілде 2021

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

01140500-Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша шығармашылық емтихан кестесі  ...

8 маусым 2021

Талапкер

...

19 мамыр 2021

Жаднама

Жаднама  ...

17 ақпан 2021

Назар аударыңыздар!

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының аясында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 17 ақпан күні сағат 11.00-12.00 аралығында колледжде «Адал бол – адам бол!» квест ойыны өткізіледі.  ...

25 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

ШБ-17-1 тобының студенті Танатарова Қымбат «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Таңатарова Қымбат озат студенттің бірі, сонымен қатар үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, биік белестерден көрініп жүрген студентіміз. Атап айтсақ, Интеллект-2018 Ақтау қалалық зияткерлік сайысынан I орын, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерей тойына орай өткен облыстық...

24 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде ағымдағы жылдың 17- 23 қараша аралығында студенттер, ата-аналар және педагогтардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әулетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат -оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі», «Жүрекке жылулық сыйлайық!», «В единстве – наша сила» тақырыптарында тәрбие сағаттары,...

22 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

2020 жылдың 17-20 қараша күндері Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Жастық жалын жанғанда, жас жүрек жанатын уақыт келді» облыстық сырттай эсселер байқауы өтті. Мақсаты: Абай Құнанбаевтың бай көркем мұрасында көрініс тапқан педагогикалық және философиялық идеяларын насихаттау үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курс студенттерінің...

19 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

18.11.2020 күні «Жаңа технологияны қолдану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» тақырыбында біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар-практикум өткізілді. Cеминар-практикум төмендегі бағыттар бойынша қарастырылды: Ø Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері (А.А.Аймуханова, Б.С.Мырзагалиева, Н.Б. Куянбаяв); Ø ТжКБ ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару (С.К.Сармалаева,...

18 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында қашықтықтан «Білім алушылардың оқу дағдыларын дамытудың заманауи цифрлық ресурстары» атты облыстық буктрейлер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға арналған цифрлық ресурстарды құру үшін педагогтердің ақпараттық-медиа құзіреттілігін дамыту. Осы сайыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нурдаулетова Ақжарқын Нұрболатқызы III орын иегері...

17 қараша 2020

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

Халықаралық студенттер күніне орай колледжімізде «СТУДЕНТТІК, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» атты мерекелік концерт өтті. Ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адамдармен өткізілген бұл шара инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Колледждің қалған студенттері мен оқытушылары осы желі арқылы тамашалады. Концерт барысында мерекенің шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, студенттік әзілдер мен әндер айтылып, күй тартылды, өлең оқылды. Мереке қарсаңында өткен «Біз таланттарды...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері