0
Хабарландыру!
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz ұйымдастырушы педагог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК ұйымдастырушы педагог бос лауазымы (В3-3 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай (135205-159273) штаттық кестеге сәйкес төленеді.
Ұйымдастырушы педагог лауазымының функционалдық міндеттері:
● білім беру ұйымы білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін,
● қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды;
● таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
● клубтар, үйірмелер, секциялар, жастар (студенттер) бірлестіктерінің жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады;
● ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады.;
● қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім алушының қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
● дебаттар, студенттік парламент, кештер, мерекелер, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
● білім алушылардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
● іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл.
Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі».
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – қағида) сәйкес өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08 – 20.08.2026 жыл.
13 қараша 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
13.11.2020 күні «Қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындаудың ерекшеліктері»тақырыбында директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Калиева ZOOM платформасында оқытушыларға арналған семинар-практикум өткізді. Семинар-практикумда Bandicam, Camtasia Studio бағдарламаларында бейне сабақ түсірудің жолдарын көрсете отырып, тәжірибе бөлісті. Семинар-практикум соңында Telegram каналында кері байланыс орнатылып, оқытушылар өз пікірін білдірді. Сонымен қатар әдіскер...1 қараша 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
2020 жылы 14.10. – 23.10. аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жұмысшы мамандығының құзіреттілігін көтеру, техникалық, оның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Worldskills Kazakstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері «Мектепке дейінгі тәрбие»,...19 қазан 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
...16 қазан 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
...7 қазан 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Мұғалімдер күні қарсаңында төмендегі оқытушылар марапатталды: ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен А.С.Елдашбаева; ҚР Білім және ғылым министрінің Алғысымен О.Ж.Кереева; Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен К.Б.Тенизбаева; Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен В.В.Макарова, А.Б.Жанабаева және де Алғысымен Н.Б.Куянбаев, А.М.Жапаева. Әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! ...1 қазан 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі ұжымы ардагер ұстаздарды техникалық және кәсіптік білім беру саласының 80 жылдық мерей тойымен және ұстаздар күнімен құттықтауды ұмытқан жоқ. Пәндік циклдік комиссия мүшелері өз циклі бойынша зейнетке шыққан ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, гүл шоқтары мен алғыс жазылған ашық хат ұсынды. Ұстаздардың жылы лебізі мен құттықтауларын тыңдап қайтты. Колледждің бүгінгі бағындырған биігі мен шыққан шыңы көп жылдар аянбай еңбек еткен...25 тамыз 2020
Құрметті талапкерлер
Құрметті талапкерлер! 0103000-«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 010302 3-«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігіне тапсырған талапкерлер СПОРТ жетістіктеріңізді MGK2020-2021@mail.ru поштаға жіберіңіздер! 25.08.2020 жылы соңғы күн. ...17 тамыз 2020
Колледжге қабылдау ережесіне қосымша
...13 тамыз 2020
Қабылдау ережесіне қосымша
...21 шілде 2020
Талапкерлерге
...22 маусым 2020
Қабылдау ережесі
...21 мамыр 2020
Профориентация
...14 мамыр 2020
Маңғыстау гуманитарлық колледжі, талапкерлерге кәсіптік бағдар
...14 мамыр 2020
iMektep. Ермексазбен жұмыс жасау
...17 маусым 2019
ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
...6 маусым 2019
WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі
WorldSkills демонстрациялық емтихан: мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі 2019ж. 04 маусымда Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде үш мамандық бойынша демонстрациялық емтихан басталды: 1. «Мектепке дейінгі тәрбие» (Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі) 2. «Дене шынықтыру және спорт» (Дене шынықтыру пәні мұғалімі) 3. «Бастауыш сыныптарда оқыту» (Бастауыш білім беру мұғалімі, Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру...29 желтоқсан 2018
Онлайн конференция
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК 01.11.2018 жылы РФ Коми Республикасында мектепке дейінгі білім берудің 100 жылдығына арналған «Балалық шақтағы ойын және ойыншық: тарих және қазіргі заман» тақырыбында И.А.Куратов атындағы «Сыктывкар гуманитарлық-педагогикалық колледжі» ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Колледж директоры Утебаев Мазилбек Нурбосынович конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен шықты. Секция жұмысына...28 желтоқсан 2018
«Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауы
11.12.2018 жылы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқау өтті. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау; студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру. Байқау тапсырмаларына «Бастауыш мектепте оқыту» мамандығы бойынша 3, 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар төрт модуль бойынша жарысты: 1 Модуль: Жалпы мәдени дамыту. Виртуалды саяхатқа дайындық жүргізу және...7 қазан 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №5. ...3 қазан 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
"Ашық бюджет" ...3 қазан 2018
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
"Ашық бюджет" ...30 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №4. ...23 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Коллдеж жаңалықтары №3. ...16 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
МГК жаңалықтары ...


















