0
КОЛЛЕДЖДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ!!
Колледжде жаңа оқу жылы қарсаңында №1 педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес колледж басшысы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық барысы, алдағы міндеттер мен басым бағыттар талқыланды.
Педагогикалық кеңес барысында білім беру сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және жаңа оқу жылындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу бағытында бірқатар мәселелер қарастырылды.
Жиын соңында педагогтерге жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, колледждің арнайы әзірленген атаулы блокноттары табысталды.
Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктерге, нәтижелі еңбек пен толағай табыстарға толы болсын!
9 қыркүйек 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
МГК жаңалықтары ...31 шілде 2018
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Стратегиялық даму жоспары ...22 маусым 2018
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі
...27 мамыр 2018
Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына!
Ақтау қаласының 2 шағын аудан тұрғындарының назарына! «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК - да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясынды 01 маусым мен 31 тамыз аралығында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында курс ұйымдастырылады. Курс өткізу тегін. Курстың өткізілетін орны: 2 шағын аудан, 57 ғимарат, 200 кабинет. Өтетін уақыты: Дүйсенбі - жұма, сағат 1000 - 1200, 1500 - 1700. Курс өткізуші: Елдашбаева А.С. Байланыс телефоны: 8 -...30 маусым 2017
Сегіз қырлы – бір сырлы
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, ұстаз біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі студенттермен қарым-қатынаста болып, жақсы маман болып шықсам деген сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайым да сыпайы...19 сәуір 2017
Игілікті іс
Игілікті іс ...0
...


















