Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Жаңалықтар

11 тамыз 2026

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, № 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 11.08.2026ж. бос және уқытша бос орын пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі  кәсіптік білім беру болып табылады.

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос және уақытша бос педагогтер лауазымы (В1-4 лауазымдық санаты) Лауазымдық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне байланысты айына 155733 теңгеден 187942 теңгеге дейін.

Бос және уақытша бос лауазымдар атауы:

1) Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме;

2) Психология және педагогика пәні оқытушысы (оқыту тілі: орыс) - 1 жүктеме;

3) Экономика және құқық негіздері пәні оқытушысы, уақытша бос орын (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме.

4)  Информатика пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме. 

5) Тарих пәні оқытушысы (оқыту тілі: қазақ/ орыс) - 1 жүктеме.  

Оқытушының функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- абдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау  қаласы, 2 ш/а, 57 ғимарат, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі».

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы  № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – қағида) сәйкес өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08 – 20.08.2026 жыл.

 





1 қыркүйек 2026

АТА-АНА МЕН КОЛЛЕДЖ – БІР МАҚСАТ ЖОЛЫНДА

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты колледж директоры Б. Сүйнбайқызы өткізіп, ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, білім алушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берді. Кездесу барысында колледждің ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, сабаққа қатысу, киім үлгісі, колледж аумағындағы тәртіп және қауіпсіздік...

1 қыркүйек 2026

БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАР МЕКЕНІНДЕ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ!

Бүгін Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылына арналған алғашқы шара «Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында ұйымдастырылды. Жиын барысында білім мен тәрбиенің маңызы, ел болашағы – білімді, білікті, адал әрі жауапты азаматтарды қалыптастырудың мәні сөз болды. Биыл колледжге 338 білім алушы қабылданып, студенттер қатары жаңа буынмен толықты....

31 тамыз 2026

КОЛЛЕДЖДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ!!

Колледжде жаңа оқу жылы қарсаңында №1 педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес колледж басшысы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық барысы, алдағы міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Педагогикалық кеңес барысында білім беру сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және жаңа оқу жылындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу бағытында бірқатар мәселелер...

28 тамыз 2026

Колледжімізге «Talap» КЕАҚ президенті арнайы жұмыс сапарымен келді!

«Talap» КЕАҚ президенті Ғалия Ноғаевна Дәулетова Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжіне арнайы жұмыс сапарымен келіп, колледждің тыныс-тіршілігімен, білім беру бағыттарымен және даму жоспарларымен танысты. Сапар барысында колледждің материалдық-техникалық базасы, оқу кабинеттері және студенттерге жасалған жағдайлар таныстырылды. Кездесуде инклюзивті білім беру бағытына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда колледжде осы бағытта үш жоба жүзеге асуда. Соның...

24 тамыз 2026

Хабарландыру!

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы на сәйкес, жарияланған бос  бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы  лауазымының жеңімпазы: - Саламатова Шырын...

20 тамыз 2026

Колледжімізге облыс әкімі арнайы жұмыс сапарымен келді!

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжіне арнайы жұмыс сапарымен келіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен, білім беру бағытындағы жұмыстарымен және даму жоспарларымен танысты.  1983 жылы негізі қаланған колледж 40 жылдан астам уақыттан бері өңірге қажетті педагог кадрларды даярлап келеді. Бүгінде оқу орнында білім сапасын арттыруға, заманауи білім беру талаптарына сай мамандар даярлауға және материалдық-техникалық...

11 тамыз 2026

2026–2027 оқу жылына қабылдау қорытындысы

2026–2027 оқу жылына қабылдау қорытындысы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде 2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдау аяқталды. Қабылдау комиссиясы 25.06–10.08.2026 ж. аралығында 1156 өтінім қабылдады. Оның ішінде 529 өтінім бірінші басымдықты құрады. 28.07–11.08.2026 ж. аралығында емтихан комиссиясы талапкерлердің кәсіби жарамдылығын анықтау мақсатында: ▫️ әңгімелесу; ▫️ педагогикалық жағдайды шешу; ▫️ арнайы емтихан (диктант)...

11 тамыз 2026

Хабарландыру!

 «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz ұйымдастырушы педагог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.    «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК ұйымдастырушы педагог бос лауазымы (В3-3 лауазымдық...

11 тамыз 2026

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, № 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz 11.08.2026ж. бос және уқытша бос орын пән оқытушылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі  кәсіптік білім беру болып табылады. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос және уақытша бос педагогтер...

17 қараша 2025

Хабарландыру!

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57  бұйрығына  сәйкес, жарияланған бос бастауыш білім берудің оқытушысы лауазымына жеңімпаздың жоқ екендігін хабарлайды.   ...

17 қараша 2025

Хабарландыру!

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57  бұйрығына  сәйкес, жарияланған бос педагог-психолог  лауазымының жеңімпаздары: Ерсұлтанқызы Жаңылсын; Жумабаева Маржан Хабиденовна.   ...

17 қараша 2025

Хабарландыру!!!

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57  бұйрығына  сәйкес, жарияланған бос әдіскер  лауазымының жеңімпазы: Епенова Зинаида Анесовна.   ...

6 қараша 2025

Хабарландыру!

      «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz әдіскер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.   «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК әдіскер бос лауазымы (В1-5 лауазымдық санаты) Лауазымдық  жалақы педагогикалық еңбек өтіліне қарай штаттық кестеге...

3 қараша 2025

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz педагог-психолог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК педагог-психолог бос лауазымы (В3-1 лауазымдық санаты)...

3 қараша 2025

Хабарландыру!

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК,  Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 57 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 507259, электрондық мекенжайы: mgk2006@yandex.kz Бастауыш білім берудің арнайы пәндер оқытушысы (оқыту тілі: орыс) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның қызметі кәсіптік білім беру болып табылады.    «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК Бастауыш...

9 қазан 2025

Хабарландыру!

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57  бұйрығына  сәйкес, бос  әдіскер лауазымына жеңімпаздың жоқ екендігін хабарлайды.   ...

23 тамыз 2025

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжіне талапкерлерді оқуға қабылдау конкурсының қорытындысы:

...

21 тамыз 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2025 жылдың 5 қыркүйектен бастап Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутренном анализе коррупционных рисков С 5 сентября 2025 года будет проводится внутренний анализ коррупционных рисков деятельности Мангистауского высшего педагогического колледжа им. Мурын жырау Сенгирбекулы.  ...

4 маусым 2025

2025 жылы 4 маусым күні

2025 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік гимнін орындады. Шара барысында колледж ұжымы мен студенттер мемлекеттік гимнін бірлесе орындап, елге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін білдірді. Колледж басшысы Өмірбекова Бақтыгүл Сүйінбайқызы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны екенін атап өтті. Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болғай!  ...

4 маусым 2025

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер елдің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышандары. Олар халықтың ұлттық бірлігін, тарихи сабақтастығын, елге деген сүйіспеншілігі мен патриотизмін білдіреді. Колледждімізде 1-2 курс студенттері арасында, топ жетекшілері А. Джаксыбаева, А. Кожакова, А. Габдуллинаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» тақырыбында тәрбие...

1 маусым 2025

1 маусым - Балаларды қорғау күні

30.05.2025 жылы 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналып колледж ұжымы балаларымен «Бар мейірім балаларға!» тақырыбында 1 курс ҚБ-24-2 тобы студенттері, жетекшісі В. Калменшиева мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: Балалар мен ата-аналарды 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, барша балаларға бақытты балалық шақ, ашық аспан, сыңғырлаған күлкі сыйлау. Шара барысында балалармен ән салып, би билеу, түрлі ойындар және асфальтта сурет салу, аниматорлармен...

26 мамыр 2025

Қазақтың ғалым қызы Мағрипа Жылқыбаева

Қазақтың ғалым қызы Мағрипа Жылқыбаева Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасын  ұрпақ жадында қалдыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті  пәні оқытушысы Л.Домбаева колледж кітапханасында ББ-23-2 тобының студенттерімен «Жамбылдың жұмбақ әлемі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқытушы шара барысында Мағрипа Жылқыбаеваның қазақ әдебиетін шыңға көтерген ақын, жырау Жамбыл...

24 мамыр 2025

24-мамыр күні колледж ұжымы таза ауада көңілді тимбилдинг өткізді.

24-мамыр күні колледж ұжымы таза ауада көңілді тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг - бұл ұжымды біріктіруге бағытталған корпоративтік іс-шара. Ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытатын командалық ойындар мен тренингтер. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, ұжымдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.  ...

16 мамыр 2025

2025 жылдың 17 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді

2025 жылдың 17 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды: I орын-(Химия пәні); II орын- (Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, Ағылшын тілі пәндерінен); III орын - (География, Биология,...

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері